ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

Әнуарбек Сұлтанғазин: ҰКП-мен бірлескен қызмет ғылым мен өндірістің бірігуіне септігін тигізеді

31 қаңтар 2018 1073

Ғылыми қызмет нәтижелерін коммерциялауда серіктестік қарым-қатынас құру мәселесін бүгін Ғылым қорының төрағасы Әнуарбек Сұлтанғазин, «Атамекен» ҚР ҰКП-ның АКТ, білім және инновациялар Комитетінің төрағасы Мұрат Әбенов және «Атамекен» ҚР ҰКП Агроөнеркәсіп кешені комитетінің төрағасы Иван Сауэр талқылады. Кездесуге сонымен қатар Ғылым қорының гранты арқылы өз ғылыми зерттемелерін коммерциялаумен айналысатын отандық ғалымдар қатысты.    

- Бүгін Ғылым қорының қабырғасында ғалымдар біздің жобалар туралы айтып берген қызықты кездесу өтті. Сонымен қатар біз гранттарды тағайындау, ғалымдар мен кәсіпкерлердің ортақ платформасын құру бойынша Ғылым қорының жұмыс принциптері туралы айттық. Бүгін біз «Атамекен» ҰКП-мен бірлескен жұмысымызды жалғастыратынымыз туралы келіссөз жүргіздік. Жәнеде мен бұл қадам ғылым мен өндірістің бірігуіне септігін тигізеді деп санаймын, - деп атап өтті кездесу барысында Әнуарбек Сұлтанғазин.

Өзінің ғылыми жобасымен бұл күні грант алған Ұлттық биотехнологиялар орталығының қызметкері Елена Жолдыбаева таныстырды. Фармокогенетикалық тест варфарин және плавикс дәрмектерінің терапевттік дозасын жеке-дара таңдап, тағайындауға мүмкіндік береді.  

- Біздің жоба дербестендірілген медицина саласындағы көрсетілетін генетикалық қызметтерді коммерциялау жолындағы ғылыми қызмет нәтижелерінің жалғасы болды. Дербестендірілген медицина – онкология, қант диабеті, заттектердің алмасуы аурулары, жүрек-қан тамыры аурулары секілді әлеуметтік маңызды инфекциялық емес ауруларға генетикалық бейімділікті анықтау. Сонымен қатар біз өзіміздің ғылыми зерттеу спектрін кеңейттік – емделушінің генетикалық ерекшеліктеріне негізделе отырып, тамақтану, салауатты өмір салты, оның ішінде спорт бойынша ұсыныстар жасаймыз. Дермогенетика, дәлірек айтар болсақ сау тері, генге байланысты қартаю процесстеріне жол бермеу бағытында косметологиялық орталықтармен бірге жұмыс істейміз. Бұл медициналық ұйымдарға да, қарапайым тұтынушыларға да қатысты қызметтер спектрі, - деді Елена Жолдыбаева.   

«Типтік және тапсырыспен жиынтықталған зияткерлік бейнекамералардың ұсақ сериялы өндірісін ұйымдастыру» жобасының жетекшісі Әсет Дүрмағамбетов гранттың және Ғылым қорының қолдауының арқасында зияткерлік бейнекамералардың алғашқы сатылымдары басталғанын атап айтты.

- Қазақстандық инновациялық кәсіпорындар қауымдастығының құрамында бола тұра біз зияткерлік камераларды өндіру жобасын ұсындық. Бұл жобамен біз бірнеше жыл айналысып келеміз. Бізде алғашқы сатылымдар да басталды. Осы және келесі жылдары біз өндірістің өнеркәсіптік қорытындысына шығып, нарықты қаладағы жолдарда орнатылатын зияткерлік жоғары жылдамдықты камералармен қанықтыруды көздеп отырмыз. Сонымен қатар біз пилотсыз автокөліктердің камераларын жабдықтауға кірісуге дайынбыз. Ғылым қоры ашық және нақты қарым-қатынас орнатты, соның нәтижесінде біз жақсы қолдау және сын көзқарасқа ие болдық, - деп атап өтті жоба жетекшісі.   

Кездесу барысында екі жақ ғылыми жобаларды алға жылжыту, бизнес пен ғылым өкілдері өзара тиімді серіктестік перспективаларын талқылайтын алаңдар құру бойынша бірлескен айқын жұмыс жүргізу туралы келісті.

- Бүгін, Ғылым қорында болып, мен көптеген қызықты жобаларды көрдім. Біз қаражаттың пайдалы және сұранысқа ие, келешекте нарыққа жаңа өнімдер алып келе алатын жобаларға жұмсалып жатқанына көз жеткіздік. Жобаларды қаржыландыру, іріктеу, тіркеу механизмдері өзгерген, барлығы сандық жүйеге ауыстырылған, бүгін барлығы онлайн-режимде, ашық түрде өтеді. Басшылық барынша айқындықты және серкітес болуға ынтасын білдіруде, бизнес тарапынан да біз қарым-қатынас орнатуға дайынбыз. Көптеген бизнес өкілдері бұл жобаға қатысуы үшін, әсіресе серіктестік форматында бірігуге әзірміз, - деді «Атамекен» ҚР ҰКП-ның АКТ, білім және инновациялар комитетінің төрағасы.  

Атап айтқандай, 2017 жылы Ғылым қорына гранттық қаржыландыруға конкурсқа қатысу үшін 502 өтінім келіп түсті , оның 389-ы алғашқы іріктеуден өтіп, сараптамаға жіберілді. ҰҒК 16 млрд теңгеден астам сомаға 72 жобаны гранттық қаржыландыру туралы шешім қабылдады.

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено