ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

Алматыда ғылыми жобаларды қаржыландыру мәселелері талқыланды

30 қаңтар 2018 1810

30 қаңтарда «Ғылым ордасы» РМК-да ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы Болатбек Әбдірәсіловтың қатысуымен Комитеттің ғылыми-зерттеу институттарының жетекшілерімен жиналыс өтті.   

Кездесуге сонымен қатар Алматы қаласының жоғары оқу орындарының ғылыми жұмыс жөніндегі проректорлары қатысып, ғылыми және ғылыми- техникалық жобаларды қаржыландыру жөнінде әңгіме қозғады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев халыққа арналған жолдауында еліміздің одан әрі экономикалық өсуі және гүлденуіне өз үлесін қосатын, мемлекеттің дамуына ықпал ететін жеті басым қадамдарын белгілеп берді. Практикалық нақты экономика және өндіріс қажеттіліктеріне бағытталған ғылым ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізі болып табылады.

- Қазіргі таңда ғылым мемлекет үшін іргелі ресурс, адам өмірінде стратегиялық манызды бағыт болып табылады. Ғылым қоғамдастығының алдында тұрған басым бағыттардың бірі – отандық ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, - деп атап өтті жиналыс барысында Болатбек Әбдірәсілов.

Осы іс-шара аясында келесі мәселелер талқыланды:

- ғылыми жобаларды қаржыландыру схемасын өзгерту туралы;

- ғылыми жобаларды іске асырудың жыл сайынғы мониторингі туралы;

- жобаны басқаруға жобалық тәсіл арқылы жаңа ақпараттық-коммуникациялық жүйені енгізу;

- бағынысты нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;

- ғылыми-зерттеу гранттар шеңберінде жас ғалымдарға арналған квоталар бөлу;

- университет ғылымының ғылыми-зертханалық базасын жаңарту туралы;

- әлемдік білім беру және ғылыми кеңістікке Қазақстан ғылымын біріктіруге қажеттілігі;

- ғылымның іскерлік ортамен өзара әрекетін кеңейту қажеттілігі

2018-2020 жылдарға арналған жобалар экономиканың нақты секторының, өндірістік және әлеуметтік саланың практикалық қажеттіліктеріне бағытталғанын атап өткен жөн.

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено