ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

Алматыда ғылым мәселелері талқыланды

03 қараша 2017 585

Қарашаның 1-де ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы Болатбек Әбдрәсілов«Ғылым Ордасында» бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асырумен айналысатын Ғылыми ұйымдар мен ЖОО, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым, денсаулық сақтау, қорғаныс және аэроғарыштық өнеркәсіп министрлігінің басқарушы құрамымен кездесті.

Болатбек Әбдрәсілов жиналғандарға Қазақстандағы ғылымды дамытуды жүзеге асыру және ағымдағы жағдай туралы баяндап берді. Ғылыми қоғамның өкілдерімен ол ағымдағы жылдың жаз айларында өткізілген гранттық бағдарламаларды жүзеге асыру барысына мониторинг өткізудің нәтижелері туралы ақпаратпен бөлісті. Аяқталған ғылыми жобалар басқару сапасы, қойылған мақсаттарға қол жеткізу дәрежесі, әлеуметтік-экономикалық әсердің құндылығы секілді критерийлер бойынша бағаланды. Спикердің мәлімдеуінше, атқарылған жұмыстар сараптамасы ғылымды басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру керектігін көрсеткен.  

Ерекше назар жүйелі проблемаларды анықтауға аударылған, оның қатарында ғылыми жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру деңгейінің қысқаруы, ғылым үшін жас кадрларды даярлау, ғалымдардың жарияланымдық белсенділігінің төменгі деңгейі, материалды-техникалық жабдықталудың нашарлығы секілді проблемалар бар. Сонымен қатар қатысушылар гранттық қаржыландыру, бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру (БМҚ), өндірістік консорциум мен ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялау бойынша өткізілген байқаулардың ағымдағы жағдайы туралы ақпараттандырылды.  

Кездесу барысында БМҚ бойынша қаржыландырылатын 56 ірі ғылыми бағдарламалар бойынша  өткізілген ашық есеп мәселелері талқыланды. Осы секілді шараларды еліміздің жетекші ғалымдарының, қоғамдық ұйымдардың және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өткізу туралы келісім жасалды.  

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено