ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры тағайындалды

11 шілде 2017 877

2017-ші жылдың 5-ші шілдесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті төрағасы Әбдірәсілов Болатбек Серікбайұлы Философия, саясаттану және дінтану институтының ұжымы алдында жаңа директор, саяси ғылымдарының докторы, профессор Бижанов Ахан Хусаинұлын таныстырды.

2017-ші жылдың 5-ші шілдесінде Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті төрағасы Әбдірәсілов Болатбек Серікбайұлы Философия, саясаттану және дінтану институтының ұжымы алдында жаңа директор, саяси ғылымдарының докторы, профессор Бижанов Ахан Хусаинұлын таныстырды. 

Бижанов А.Қ. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын және Алматы Жоғарғы партия мектебін бітіріп, инженер-электрик және саясаттанушы мамандықтарын меңгерген.

Әр жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметін атқарған. 

ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат, одан кейін Қоғамдық-саяси бөлімдерін басқарған. 

Алматы қаласы әкімінің әлеуметтік-саяси мәселелер жөніндегі орынбасары қызметінде болған.

ҚР Парламенті Сенатының екі шақырылымда депутаттыққа сайланып, ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы болды.

Қазақ ұлттық жаратылыстану академиясының академигі, ҚР Саяси ғылымдар академиясының бірінші вице-президенті.

Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» және «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Заңдарының әзірленуі мен қабылдануына белсене қатысты. 

«Қазақстан Республикасы: өтпелі кезеңдегі қоғамның демократиялық жаңаруы», «Парламентаризм – өкілдік демократия институты», «Уроки эпохи» атты кітаптары және саясат, әлеуметтік-экономикалық даму, қоғам туралы т.б. ғылыми мақалалары мен жарияланымдары жарық көрген.

«Парасат», «Құрмет», ТМД елдері Парламентаралық Ассамблеясының «Содружество» ордендерімен, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері»  төсбелгісімен және көптеген медальдармен, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен марапатталған.

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено