ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

«Қазақстан ЭСДҰ-мен тығыз байланысты дамытуға мүдделі», - Б. Әбдірәсілов

10 шілде 2017 457

Астанада Экономикалық серіктестік және дамыту ұйымдарының күні өтуде. Назарбаев университетінің алаңында инновациялық-ғылыми саладағы Қазақстан саясаткері, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы Болатбек Әбдірәсілов шолу жасады, ал ЭСДҰ жетекшілері мен кеңесшілері «Инновациялық саясатқа шолу» атты ел шолуының түсаукесерін ұсынды.

Б. Әбдірәсілов Қазақстанның даму трендтерінің ең бастысы барлық салаларда ЭСДҰ стандарттарына біртіндеп жақындау болып табылатынын атап айтты. Дегенмен білім беру жүйесінде мемлекетіміз жақсы жетістіктерге қол жеткізді. 

«Қазақстан ЭСДҰ-мен тығыз байланыс орнатуға мүдделі. 2020-шы жылға дейін білім және ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде біздің инновациялық-ғылыми жүйемізді ЭСДҰ ұсынымдарына сәйкес келтіру үшін ұйымдастыру, заңнамалық және мазмұнды деңгейде шаралар қолданылуда. Бүгінгі таңда ЭСДҰ 29 ұсынымдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің стратегиялық даму жоспарында, сондай-ақ 2020-шы жылға дейін білім және ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасында көрініс тауып отыр», - деді өз баяндамасында Б. Әбдірәсілов. 

Ғылым комитетінің төрағасы сонымен қатар қазіргі таңда инновациялық инфрақұрылымдарды дамыту бойынша белсенді жұмыстар атқарылып жатыр, дәлірек айтсақ Дүниежүзілік банктің «Тиімді инновацияларды ынталандыру» жобасы шеңберінде төрт құрама іске асырылып жатыр. Олардың қатарына бизнес-ортамен, ҒЗИ, ЖОО-менконсорциум құру, сондай-ақ технологияларды коммерциялау бойынша кеңселер ретінде жеке инновациялық инфрақұрылымдарды дамыту кіреді. 

ЭСДҰ инновациялық саясат елдік шолуының жетекшісі Гернот Хученрайтер, ЭСДҰ кеңесшісі және Вена технология университетінің профессоры Манфред Хорват, сондай-ақ ЭСДҰ аналитигі Филипп Ларруе елдік шолу тұсаукесерін жасады. 

ЭСДҰ стандарттары мен қағидаларын енгізу – Қазақстанның дамыған отыз ел қатарына енуіне арналған стратегиялық мақсат. Білім және ғылым министрлігі білім және инновациялық саясат саласындағы ЭСДҰ зерттеулеріне еліміздің қатысуын қамтамасыз етеді. 

Айта кету керек, 2015-ші жылы Министрлік және ЭСДҰ «Инновациялық саясатқа шолу» атты біріккен жобасы бастау алды, оның ұсынымдары ҚР «Ғылым туралы» Заңы арқылы жүзеге асырылып жатыр. Бұл ЭСДҰ ұсынымдары шеңберінде ҚР «ҒҒТҚН коммерциалау туралы» Заңы құрастырылып қабылданған болатын, келесі Мемлекеттік бағдарламалар бекітілді: 2016-2019 жылдарға ҚР білім және ғылымды дамыту және 2015-2019 жылдарға ҚР индустриалды-инновациялық дамуы, мемлекет, өнеркәсіп және ғылымның өзара әрекеттестігін нығайту, инновацияға, білімге және ғылыми зерттеулерге инвестицияларды ұлғайтуға бағытталған механизмдер құрылуда.

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено