ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

Әбдірасилов Болатбек Серікбайұлы ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы болып тағайындалды 

25 наурыз 2017 2198

Әбдірасилов Болатбек, биология ғылымдарының докторы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент, 1958 жылы 15 шілдеде Қызылорда қаласында туған. 1979 жылы Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтын, 1987 жылы КСРО ҒА Биофизика институтының аспирантурасын бітірген. 

Әбдірасилов Болатбек, биология ғылымдарының докторы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент, 1958 жылы 15 шілдеде Қызылорда қаласында туған. 1979 жылы Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтын, 1987 жылы КСРО ҒА Биофизика институтының аспирантурасын бітірген. 

1987-1996 жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетінде оқытушы, аға ғылыми қызметкер, кафедра меңгерушісі, проректор болған. 

1996-1998 жылдары – осы университеттің ректоры. 1998 жылдан бастап – Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бірінші проректоры.

2000-2001 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Ақпарат және тестілеу орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры, содан кейін Қазақстан  Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Мониторинг және бақылау департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған. 

2001 жылдың тамызынан 2004 жылдың қарашасына дейін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры болған. Осы жылдың қараша айында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің төрағасы болып тағайындалған, 2007 жылдың ақпанынан 2010 жылдың қыркүйегіне дейін - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы болған.

2010 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды.

2012-2016 жылдары Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметін атқарған. 

2017 жылдың 24 наурызынан бастап Қазақстан  Республикасының Білім және ғылым министрінің №34-ЖК бұйрығымен ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено