ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

Отандық ғалымдар фармакогенетикалық тест әзірледі

30 қаңтар 2017 1960

Ұлттық биотехнология орталығында Ұжымдық пайдаланудың Ұлттық биотехнология зертханасының меңгерушісі Елена Жолдыбаева бастаған ғалымдар тобы Қазақстанда жүрек-қан тамырлары ауруларының терапиясы кезінде кеңінен тағайындалатын «Варфарин» және «Плавикс» препараттарының терапевтік дозасын жеке анықтауға мүмкіндік беретін экспресс-ДНК-тест әзірледі.

«Варфарин» тікелей емес антикоагулянттармен терапия жүргізуге арналған негізгі препарат болып табылады. Қазақстандық дәрігерлердің клиникалық емханасында «Плавикс» препараты антиагреганттық құрал ретінде кеңінен қолданылады.

«Бұл препараттарды жайдан-жай тағайындауға болмайды. 2007 жылы Америкалық азық-түлік және дәрі-дәрмекті бақылау басқармасы (FDA) «Варфарин» үшін маркировканы өзгертті. Ол нақты пациент үшін «Варфариннің» бастапқы дозасын тағайындау үшін денсаулық сақтау қызметкерлері генетикалық тест жүргізу қажеттігі атап көрсетіледі. FDA 2010 ж. «Плавикс» препаратының нұсқаулығына түзетулер енгізді, дәлірек айтқанда, емдеудің тиімділігін анықтау үшін генетикалық тестілеу қажеттігі көрсетілген», - дейді Елена Жолдыбаева.

Еленаның айтуынша, аталған тест жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққан адамдарға арналған. Кардиолог қойылған диагноздың негізінде пациентті фармакогенетикалық тест жасауға жібереді, өйткені антикоагулянт - препараттарды әдетте өмір бойына тағайындайды. Ғалымдар пациентке қажет дәрілік препараттың дозасын есептеп шығарады.

«Біздің жобамыз осы технологияда праймерлерді міндетті түрде таңдауды қарастырады. Осы таймерлерді таңдау, олардың жұмысы үшін жағдайлар жасау, бұл біздің жеке зерттеуіміз (праймер нуклеин қышқылының қысқа фрагменті). ДНК бөліну сәтінен бастап ақырғы нәтижеге дейінгі талдау жасауға тура бір күн кетеді»,  дейді Е. Жолдыбаева.

Жоба 2012-2014 жылдары «Технологияларды коммерцияландыру» жобасы аясында қаржыландырылды. Ұлттық биотехнология орталығының жобасы үш жыл бойы іске асырылды, алайда алғашқы коммерциялық келісімшартқа 2013 жылы «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ-мен арада қол қойылды. Жоба пайдалы болғандықтан, енді орталық жыл сайын келісімге қол қояды.

«Адаммен байланысты кез келген генетикалық зерттеулер популяциялық зерттеулер болып табылады. Мұндай тест АҚШ-та және Еуропада бар, бірақ олар еуропалық популяцияға арналған. Ал популяциялардың генетикалық түрде әр түрлі екені белгілі. Біздің іргелі зерттеулеріміз де жобаның бастапқы кезеңінде қазақ популяциясын зерттеуге арналды: гендердің түрлі полиморфизмдері кездесу жиілігі бойынша әр түрлі болуы мүмкін», - дейді Елена Жолдыбаева.

Жыл сайын фармакогенетикалық тестіден 100-ге тарта пациент өтеді. Ғалымдар Қазақстан аумағын түгелдей қамтып, тестті өзге клиникаларға сатуды жоспарлап отыр.

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено