ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

Қазақстанның диқаншылары дәнді дақылдар түсімін ұлғайта алады

24 қаңтар 2017 1775

ҚР БҒМ ҒК микробиология және вирусология институты зең ауруларын бақылау және түрлі экологиялық жағдайларда дәнді дақылдардың өсімін ынталандыру үшін жаңа биопрепарат әзірлеп жатыр. Институттың бас ғылыми қызметкері Людмила Треножникованың жетекшілігімен жүзеге асырылып жатқан гранттық жоба биыл Қызылорда және Алматы облыстарында дала жағдайында сынақтан өткізілмек.

Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеудің қазіргі заманғы озық технологияларының басты мақсаты - қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін төмендету және биік әрі тұрақты түсім, сапалы өнімдер алуды қамтамасыз ету. Бүгінде жер өңдеудің перспективті бағыттарының бірі өсімді ынталандыратын және биопротекторлық микроағзалардың негізінде жасалған микробиологиялық препараттарды пайдалану болып табылады. Сонымен қатар, әсер етудің түрлі спектрінің арқасында биопрепараттар өсімдіктерді қорғау үшін химиялық заттарды пайдалану көлемін азайтуға ықпал етеді.

Жаңа биопрепараттың құрамы экстремофильді ағзалардың (экстремофилдер – қоршаған ортаның экстремалды жағдайында тіршілік етіп, көбеюге қабілетті тірі ағзалар) негізінде жасалды. Үш жылдық жоба биыл аяқталмақ. Дала жағдайында өткізілген зерттеулер оң нәтиже берген жағдайда, жаңа биопрепарат коммерциализациялауға жіберілуі мүмкін.

«Қазақстанның топырағы қоректік заттарға кедей, оны нәрлі заттармен құнарландыру қажет. Енгізілген препараттар өсімді ынталандыру үшін қажетті нәрлі заттарды қалыптастыру қабілеттілігіне ие болуы аса маңызды», – дейді Людмила Треножникова.

Оның айтуынша, жобаның жаңалығы түрлі топырақтарда тиімділікке ие болатын препарат жасау мақсатына негізделген. Көптеген биопрепараттар бейтарап топырақтарда пайдалану үшін әзірленеді, бірақ экстремал жағдайларда бірыңғай емес топырақтың тиімділігі жоғалуы мүмкін.

«Дәнді дақылдар түрлі зең ауруларына бейім. Сондықтан препараттардың зең, патогендік, сондай-ақ, дәнді дақылдар ауруларын тудыратын сол зиянкестерді ингибициялау қабілеттілігіне ие болуы аса маңызды», – дейді Людмила Петровна.

Дәнді дақылдар өсіру Қазақстан үшін басым қызмет, бірақ зең ауруларының кеңінен таралуы түсімге және өнімнің сапасына айтарлықтай ықпал етеді. Астық шаруашылығын дамыту топырақтың қатты сортаңдауымен қиындай түседі. Қазақстандағы сортаңдалған жердің ауданы ауыл шаруашылық жерлердің 15,2% құрайды, қалғаны түрлі дәрежеде сортаңдалған, құрамы жағынан бірыңғай емес және аз мөлшерде қарашірік кездеседі. Әлсіз сортаңдау жағдайында дәнді дақылдар түсімінің шығыны 20%, қатты сортаңдалған жерлерде 70-80% құрайды. 

Әзірленген биопрепараттың құрамындағы микроағзалар түрлі жағдайларда пайдалану тиімділігіне ие. Препарат өнімділікті арттыруға септігін тигізеді, сондай-ақ, зеңді патогендердің әсерінен туындайтын ауруларды азайтады.

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено