ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

Астаналық ғалым обыр жасушаларын репрограммалау мүмкіндігін зерттеді

13 қаңтар 2017 1735


Жастардың ғылымға деген қызығушылығы жыл санап артып келеді. Соңғы бірнеше жылда Қазақстанда 35 жасқа дейінегі ғалымдардың саны артты. Солардың бірі Дана Ақылбекова - Назарбаев университетінің National Laboratory Astana аға ғылыми қызметкері. 30 жасында ол бірнеше ірі зерттеу жобасын іске асырып, ғылымдар докторы атанды.

«Көптеген оқушылар мен бакалаврлар ғылым жолына түсіп, онымен шетелде айналысу мүмкіндігіне ие болды. Олар шынымен де қызықты зерттеулер мен жобалардың бар екендігіне көз жеткізді», – дейді Дана.

Жас ғалым Дана Ақылбекова физиктер отбасында дүниеге келген Ол бала кезінен ғылымға қызығушылық танытқан. Докторантурада оқып жүріп Дана инсулин өндіретін тірі жасушалары бар полимер бөлшектерді әзірлеуге қатысқан. Дәріні жеткізудің осындай тәсілі инсулин екпелерін жарты жылға дейін алмастыра алады. Дана кәсіптік қызметінде обыр жасушаларын репрограммалау жобасын жүзеге асырған.

«Біз концентрациялардың түріне қарай осы жасушаларға ықпал етуге болатынын дәлелдедік. Алдағы уақытта осы фундаменталды білімнің арқасында обырға қарсы әртүрлі  терапияларды қалай біріктіруге болатынын анықтай аламыз», - деді PhD, Nazarbayev Laboratory Astana аға ғылыми қызметкері Дана Ақылбекова.

Жас ғалым физика мен инженерия саласындағы білімін елімізде биомедицина саласында пайдалануға болатынына сенеді. Ал Дананың өзі Қазақстанның жас ғалымдарына шабыт беріп, оларды ынталандыра түспек.

«Ғылым – бұл қызық, көп жайтты білуге болады. Ғылымға келгенде, онда ешкім жоқ деп ойламаңыздар. Ғылыммен айналысатын жастар көп, олар әрқашан да қолдау көрсетуге дайын», - дейді Дана.

Назарбаев университетінің National Laboratory Astana өтінішімен мақаланың түпнұсқасына келесідей өзгерістер енгізілді.

Астаналық ғалым обыр жасушаларын репрограммалау мүмкіндігін зерттеді.

Астаналық ғалым антивирустық ортаның обыр жасушаларына әсер ету мүмкіндігін зерттеді деп оқыңыз.

30 жасында ол бірнеше ірі зерттеу жобасын іске асырып, ғылымдар докторы атанды.

30 жасында ол бірнеше ірі зерттеу жобасына қатысып, PhD  дәрежесін алды деп оқыңыз.

«Біз концентрациялардың түріне қарай осы жасушаларға ықпал етуге болатынын дәлелдедік».

«Біз антивирустық ортаның концентрацияларының түріне қарай осы жасушаларға ықпал етуге болатынын көрсеттік», - деп оқыңыз.

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено