ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

Қазақстандық ғылымның 25 жылдағы жетістіктері

15 қазан 2016 7103

Егеменді Қазақстанда ғылым қарқынды дамып келеді. Қазіргі кезде ғылымды басқарудың жаңа модельдері мен ғылымды қаржыландырудың заманауи тетіктері қолданылады.

1990-шы жылдары Қазақстанда 289 ғылыми мекеме болған, негізгі ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын қызметкерлердің жалпы саны 50,6 мыңды құрайды.

90-шы жылдардың басында ғылыми кадрлар көп қысқартылды.

Бүгінде 24,5 мың адам және 392 ғылыми ұйым ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстармен айналысады.

Ғылымға тартылған жастар саны ұлғайды. 2011 жылы 35 жасқа дейінгі ғалымдар саны 6,4 мың болса, 2015 жылы 9,0 мыңға жеткен.

Ғылымды басқарудың жаңа моделі мен ғылымды қаржыландырудың жаңа тетіктері (базалық қаржыландыру, гранттық қаржыландыру, бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру) әрекет етеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құрылды, 5 Ұлттық ғылыми кеңес жұмыс істейді.

Ғылыми жобаларды мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаудың тәуелсіз жүйесі іске қосылды.

Жыл сайын 6 атаулы және 75 мемлекеттік ғылыми стипендия, соның ішінде 50 – дарынды жас ғалымдарға  (соңғы 5 жылда 30 сыйлық және 375 мемлекеттік ғылыми стипендия, соның ішінде талантты жас ғалымдарға - 250) табысталады.

2015 жылы желтоқсан айында алғаш рет Мемлекет басшысы жаңа Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығымен 40 лауреатты марапаттады.

Қазақстандық ғалымдардың халықаралық рейтингтік басылымдарда жариялау қызметінің белсенділігі артып отырғандығы байқалады (2015 жылдың қорытындысы бойынша халықаралық журналдарда 1,9 мыңнан аса мақала жарияланған).

8 халықаралық комиссия мен ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша ішкі комитеттер аясында халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, 40 аса халықаралық жоба іске асырылуда. 

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено