ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

25 тамызда Астана қаласында ядролық қарусыздану жөніндегі Пагуош қозғалысының мерейтойлық  конференциясы өтеді

11 тамыз 2017 401

10 тамызда Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымы жанынан құрылған  Қазақстандағы Пагуош комитетінің  алғашқы кеңесі өтті. 

Пагуош ғалымдар қозғалысы әлемдегі саяси және қоғам қайраткерлерінің біліктілік алмасатын  халықаралық ғалымдар қозғалысы болып есептеледі. Қатысушылар мұнда әр ел немесе  мемлекеттік   құрылым атынан емес, жеке тұлға ретінде қатысып,  жаһандық қауіп жөнінде тың ұсыныстарын білдіріп, өз ойларын ортаға салады. Пагуош қозғалысы 1955 жылы Альберт Эйнштейн пен  Бертран Рассел тәрізді бүкіләлемдік ғалымдардың қолдауымен құрылған. Олар ядорлық энергияны әскери мақсатта қолдануға тиым салуды ұсынған. 

Комитеттің Төрағасы  Школьник Владимир Сергеевич Комитет мүшелерін қабылдап,  алдағы конференцияны өткізу барысын талқылады. Қазақстандағы Пагуош комитеті төрағасының орынбасары ҚР Ғылым және білім министрлігі комитетінің төрағасы Б.С Әбдірасілов Қазақстанның ядроға қарсы қозғалысында үнемі белсенді ел  екенін атап өтті. 

«Пагуош ғалымдар қозғалысының 62 конференциясын Астанада өткізу біздің еліміздің еңбегін тану, Ұлт көшбасшысының әлемдегі қауіпсіздікті және ядролық қарусыздануды қамтамасыз ету жолындағы белсенділігінің белгісі болып табылады».

23-24 тамызда  «Әлемдік ядорлық тәртіп: ынтымақтастық ғаламдық және аймақтық қауіпсіздік мәселелері мен болашағы» атты 10 шы халықаралық студенттік Пагуош конференциясы өтеді.  

Ал  25 нен 29 тамыз аралығында  Астанада «Жаңа ядролық қатерлерге қарсы шаралар» атты  Пагуош ғалымдары қозғалысының 62 конференциясы  өтеді. Шара барысында  көрнекті ғалымдардың қатысуымен 14 пленарлық отырыстар мен жұмыс топтары ұйымдастырылады.

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено