ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

2018 жылғы 4 қазанда Ғылым қоры «Технологияларды коммерцияландыру – ғылым мен бизнесті кіріктіру құралы» ІІ халықаралық форумын өткізеді

27 қыркүйек 2018 446

Форум брокерлік оқиға форматында өтеді, оның мақсаты ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға мүдделі әлеуетті серіктестерді іздеу және олармен байланыс орнату болып табылады. Осы мақсатта Форум шеңберінде ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының көрмесі ұйымдастырылатын болады.

Бұдан басқа коммерцияландыруды қолдау құралдары, ғылым, техника және инновация бойынша халықаралық гранттық бағдарламаларға қатысу тетіктері, технологиялық кәсіпкерлік және жетекші отандық және халықаралық сарапшылардың қатысуымен старт-ап компанияларды дамыту бойынша тренингтер өткізу жоспарлануда.

Форум жұмысына мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік секторының, ғылым және бизнес өкілдері қатысады.

Астана қ. Хилтон мейманханасы, Сауран к., 46 мекенжайы бойынша өтетін Форумына қатысуға шақырамыз.

Тіркеу және бағдалама forum.science-fund.kz  сілтме бойынша қол жетімді 

Секцияға қатысушылар мен мастер-кластарға сертификаттар беріледі.

«Ғылым қоры» АҚ сайтына http://science-fund.kz сілтеме бойынша қол жетімді

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено