ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

2018 жылғы 4 қазанда «Технологияларды коммерцияландыру – ғылым мен бизнесті біріктіру құралы» атты ІІ халықаралық форум өтті

05 қазан 2018 517

Форумға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Е.К.Сағадиев, ҚР Парламенті Сенатының  депутаты Б.Т.Жұмағұлов, Халықалалық ғылыми-техникалық ақпарат орталығының бас директоры       Е.В. Угринович, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Әлеуметтік сала және әлеуметтік серіктестік комитетінің төрағасы Т.К. Доскенов, Стратегиялық мәдениетаралық коммуникациялар орталығының (StrategicInterCom GmbH), Басқарушы директоры Константин Шамбер, Твенте Амстердам университетінің профессоры, Тұрақты инновациялар мен энергетика жөніндегі Еуропиялық ассоциация кеңесшісі Йорам Крозер, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, салалық министрліктердің, жергілікті орындаушы органдардың квазимемлекеттік секторлардың, ғылым мен бизнес өкілдері, отандық және шетелдің жетекші сарапшылар қатысты. 

Форумда технологиялық кәсіпкерлердің ғылым, технологиялар және инновациялар бойынша халықаралық гранттық бағдарламаларға қатысуы және стартап компанияларды дамыту механизмдері мен ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруды қолдау мәселелері талқыланды. 

Форум ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға мүдделі әлеуетті серіктестерді іздеу және олармен байланыс орнатуға бағытталған брокерлік оқиға форматында өтіп,  «Ғылым қоры» АҚ «Сколково» қоры және «Қазақстандық қант азық-түлік және қайта өңдеу өндірісі ассоциациясы» БЗТ-мен меморандумға қол қойып, жобаларды әрі қарай бірлесіп іске асыру үшін ғылым мен бизнес өкілдерінің арасында 7 келісімшарт жасалды.       

Коммерцияландыруды қолдау құралдарын, ғылым, технологиялар мен иннвациялар бойынша халықаралық гранттық бағдарламаларға қатысу механизмдері, сонымен қатар технологиялық кәсіпкерлер мен стартап компанияларды дамыту мәселелерін талқылау үшін тақырыптық сессиялар, мастер класстар, дөңгелек үстелдер және пікірталас алаңдары, сондай-ақ кездесулер мен формалды емес сұхбаттасулар өткізілді.   

Бұдан басқа, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының көрмесі ұйымдастырылды. Аталған көрмеге ұсынылған тауарлар және қызметтер қазақстандық ғылымның өнімдері болып табылды және бірінші кезекте импорт алмастыруға бағытталған. Сондай-ақ көрмеге «Сколково» қорының жобалары да ұсынылды.

Ағымдағы жылы 12 жаңа инновациялық өнім іске қосылып, 9 жоба бойынша 2018 жылғы 8 айда инновациялық өнімдер мен қызметтерді сатудан 400 511 837 теңге  көлемінде коммерциялық кіріс алынды. 

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено