ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

«Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасы

19 желтоқсан 2016 4716

«Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасы жайлы жалпы ақпарат

Жобаның басты мақсаты технологияларды коммерциаландыру мен ел үшін қажетті жоғары сапалы зарттеулерді ыналандыру болып табылады.  Сонымен қатар елдің инновациялық мүмкіндігін арттыратын әлемдік білім мен тәжірибені тиімді пайдалану. Аталмыш жоба ҚР мен Дүниежүзілік банктің 2016 жылдың 1-ші наурызында күшіне енген екіжақты келісімі аясында жүзеге асырылуда.  Жобаның бюджеті  110 миллион АҚШ доллары. Іске асыру мерзімі 5 жыл, 2016 мен 2020 жж аралығы.

Жобаны іске асыру мақсатында арнайы 15 кеңесшіден тұратын жобаны басқарушы топ құрылыған. Сонымен қатар жобаларды коммерциаландыруға бөлінген  гранттық қаржыландыруды  сұрыптауға арналған Дүниежүзілік банктің  келісімімен ғылым мен коммерциаландыру бойынша Халықаралық кеңес құрылды.

ҒКХК құрамы:

Thomas A. Сellucci, АҚШ

Профессор,  Virginia International University (Fairfax, VA) бизнес мектебі, жаңа технологияларды коммерциализациялау саласындағы сарапшы,   (Harvard Business School) басқару бағдарламасының жауапты орындаушысы,  (MIT Sloan School of Business) жаңа өнімдерді дамыту бағдарламасының жауапты орындаушысы, (Kellogg School of Management) бизнестің сатылас қосылуы мен жұтылу бағдарламасының жауапты орындаушысы, Ecrypt Technologies Inc. Төрағасы мен басты атқарушы директоры (Boulder, Colorado),  Union Core Technology Partners LLP құрылтайшысы және басқарушы серіктесі, Alliance for Government Virtual Engagements атқарушы директоры, Дүниежүзі бойынша маркетингтік және бизнес жоспарлады дамытуға бағытталған  Cellucci Associates, Inc. маркетингтік компаниясының төрағасы және басты атқарушы директоры.

Мамандығы: Технологияларды коммерциаландыру, физикалық химия 

Дәрежесі:  MBA, PhD (University of Pennsylvania; Philadelphia)

ҒКХК –да ролі: Технологияларды коммерциаландыру сарапшысы

Erik Azulay, АҚШ

Технологияларды инвестициалау бойынша кеңесші (LEONARTO VENTURES, Wroclaw, Poland). Инновацияларды дамыту мен өсу бағдарламасының басқарушысы.   (IC2 INSTITUTE, University of Texas), технологияларды коммерциаландыру саласының сарапшысы, стартаптар мен шағын бизнес және халықаралық нарықтың стратегиясын зерттеу саласында мамандарылыған. Көпетеген мекемелерге технологиялық талдаушы ретінде тәжірибесі бар, сонымен қатар Венгрия, Мексика, Индия, Чили, Корея, Португалия, Израиль и Египет сынды халықаралық  бірқатар жобаларда тәжірибесі мол.

Мамандығы: Технологияларды коммерциаландыру және халықаралық қатынастар  

Дәрежесі: MS

ҒКХК –да ролі: Кеңес төрағасы

Chanbasha Basheer, Индия, Сауд Аравиясы

Стендфорд университетінен арнайы шақыртылған профессор (АҚШ), Американдық химиялық қоғамының директорлар кеңесінің мүшесі, Сауд Аравиясыда бөлімшесі бар.  

1. 2015 жылдың үздік зерртеушісі, Фахд патшасының пайдалы қазбалар мен мұнай университетінің маманы, 2015сәуір.  2. Үздік зерттеуші марапаты, Экстракционды технологиялар, 2007, Осло. 3. Азиядағы үздік зерттеуші-талдаушы марапаты, 2005, Тайбэй. Қазіргі кезде нанотехнологияларды зерттеу саласында табанды еңбек етуде. Электро мембрана, электро-фото сынды жаңа талдаулық әдістерді пайдалану арқылы шикі мұнайды зерттеу. Шикі мұнайдан қалған судағы, азоттағы, мырыштағы қалдық іздерді жою.

Мамандығы Нефтехимия және нанотехнологиялар

Дәрежесі  Доктор

ҒКХК –да ролі: Ғалым

Emil Martin, АҚШ

Мәскеу мемлекеттік университетінің генетика мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алған. (Ресей, 1989 ) және  РҒА молекулярлық  генетика Институтының молекулярлық биология саласында   PhD дәрежесін алған  (Ресей, 1993). Қазіргі кезде University of Texas Health Science Center in Houston, McGovern School of Medicine білім ошағында профессор қызметін атқарады. Рекомбинатты ДНК саласы бойынша жеке лабороториясында өнімдерді құрау және коммерциаландыру бағытында тәжірибесі бар. Молекулярлы биология мен медицина саласында 20 жылдық тәжірибесі бар.

Мамандығы  Молекулярлы биология

Дәрежесі  PhD

ҒКХК –да ролі: Ғалым

Majidi MEHDI, АҚШ

Оңтүстік Корея үкіметінің жұмысшы тобында  сарапшы, Қытайдағы әлеуметтік инклюзивті инновациялар бойынша сарапшы, кәсіпкерлік, шағын және орта кәсіпорындардың денсаулық сақтау саласындағы  әлеуметтік кәсіпкерлік және стаптап жобаларының маманы. Халықаралық бизнес басқару саласы бойынша департамент басшысы (International Business Administration (IBA) Бизнестегі тұрақты даму мен басқару саласы және кросс-мәдени бойынша директоры. Сарапшы кеңесші ретінде қызмет атқарған  Coopers and Lybrand (C&L), PricewaterhouseCoopers (PwC)’s Global Consulting and IBM Global Business Services, at the U.S. Agency for International Development (USAID), the U.S. Department of Education (ED), дүниежүзілік банктің сарапшысы,  ЦКТ сарапшысы (Қазақстан).

Мамандығы: Әлеуметтік инклюзивті инновациялар бойынша сарапшы, кәсіпкерлік, шағын және орта кәсіпорындардың денсаулық сақтау саласындағы  әлеуметтік кәсіпкерлік және стаптап жобаларының сарапшы маманы. 

Дәрежесі  Доктор, профессор

ҒКХК –да ролі: инклюзивті концорциумдар бойынша сарапшы

Jean-Jacques ROYER, Франция

EAGE (Еуропалық геоғалымдар мен инженерлердің қауымдастығы), SPE (Инженер-мұнайшылардың қоғамы), SEG (Геофизик-барлаушылар қауымдастығы), SGA (Пайдалы қазбалар геологиясы жөнінде халықаралық ғылыми ұйым ) халықаралық ұйымдарының мүшесі. 2020, UNEXMINE және CHPM 2016 еуропалық жобалары бойынша кеңесші, Young Vision Award 2016 марапатының қазылар алқасы мүшесі  — Wintershall-GazProm Int.

Лорейн университетінде ProMine жобасының ғылыми жетекшісі (Франция). ProMine —11 елден 27 серіктестерді қамтитын және Финляндияның Геологиялық комитеті жетекшілігінде жүзеге асырылатын Еуропалық одақтың аумағындағы метал және минералды ресурстарды ГИС, 3D және 4D геомодельдеуді пайдалану арқылы бағалау, модельдеу және өндіру технологияларды зерттеу және дамыту жөнінде жетінші негіздемелік бағдарламаның зерттеу жобасы. Тау-кен компанияларын 3D  модельдеу саласында зерттеу тәжірибесі бар (Areva, Квебек геологиялық қызметі, Promine Еуропалық консорциумы, Батыс Африкада (Кот-д'ивуар, Конго, Сенегал), Индонезия және Қазақстан), және GOCAD Консорциумына мүше компанияларда (Exxon, Chevron, TOTAL) жұмыс тәжірибесі бар.

Мамандығы  Геология

Дәрежесі – профессор

ҒКХК –да ролі: ғалым

Ысқақов Аюп, Қазақстан

СҚО облыстық малшаруашылық және өсімдікшаруашылық ғылыми-зеттеу институтының Директоры, профессор, генетика саласы бойынша биология ғылымдарының докторы, ауылшаруашылық саласындағы биотехнология саласының белді маманы. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің халықаралық қатынастар мен инвестициялар кафедрасының проректоры қызметін атқарған.  «МаЖиКо-2020» ғылыми-техникалық кеңестің төрағасы.   «Ауылшаруашылық өнімінің бісекелестігін арттыру» жобасның төрағасы,  Биотехнологиялар бойынша ұлттық орталықтың бас директоры, «Технопарк НПО «Прогресс» АҚ вице-президенті, СIDA: Казақстан – Кырғызстан  – Канада, халықаралық жобасының төрағасы қызметтерін әр жылдары атқарған.

Мамандығы  Агрономия

Дәрежесі Биология ғылымдарынң докторы

ҒКХК –да ролі: Ғалым

De la Maza Pereg, Cristina, Испания

Инновациялар бойынша бас консультант – Еуропалық ғылыми зерттеулер және тәжірелік конструкторлық әзірлемелерге (ҒЗТКӘ) арналған гранттық бағдарламалар, өңірлік, еуропалық және халықаралық бағдарламаларда (Horizon2020, VII PM (Capacities, Cooperative, People), Eureka, ITEA, CDTI, өңірлік үкіметтер және Еуропалық әлеуметтік қор) ҒЗТКӘ  топтарын және инновациялық ұсыныстарды бағалау бойынша жобаның жетекшісі. Зияткерлік меншік және ғылыми-техникалық қызметтерді коммерцияландыру саласында тәжірибесі бар. Қызметтерді сату, ҒЗТКӘ стандарттарын және инновацияларды пайдалануға оқыту бойынша жауапты (бүгінгі күнге дейін АКТ саласында енгізілген 75 жобаларды басқару және сертификаттау жүйесі).

Мамандығы Ақпараттық жүйелер

Дәрежесі PhD

ҒКХК –да ролі: Өндірістік консорциумдар бойынша сарапшы  

Сулейменов Ербол Зинаддинұлы, Қазақстан

«Тобыл» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары. 2004 жылы «Білім беру әркім үшін: жаңа мыңжылдықтың басты мақсаты» адамзат дамуы туралы ұлттық есепті дайындауға бағытталған «Стратегиялық көзқарас» Сарапшылық клубы Қоғамдық бірлестігінің жұмысын басқарды. 2006-2011 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығын басқарды. 2011 жылдың желтоқсанында ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 2013 жылдың қазанында «Ғылым қоры» АҚ-ның президенті лауазымына ие болды. Жоғары әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер корпусы – «А» корпусына конкурстық іріктеуден өтті және 2014 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Мамандығы Математика

Дәрежесі Физика-математикалық ғылымдар кандидаты

ҒКХК –да ролі: Ғалым  

Жоба бес компоненттен тұрады. Бұлар - PhD зерттеулер мен ғылыми жобаларға арналған гранттар, өндірістік консорциумдар мен әлеуметтік инновациялык консорциумдар. Технологияларды коммерциаландыру жиілігін біріктіру, оларға венчурлы қорлар, брокелрык командалар,  жоғары оқу орындарында коммерциаландыру кеңселерін құру,  республикада инновацияларды бақылау бойынша алаңдар құру,  сонымен қатар жобаны басқару тобының қызметін қаржыландыратын соңғы компонент. 

Коммерциялық шамасы зор ғылыми  зерттеулерді ынталандыру мақсатында жоғарғы және төменгі топтағы ғылыми қызметкерлерге арнайы гранттык бағдарлама енгізілген. Барлығы 50 жобаға арналған 10,3 млрд. теңге қаржыландыру бөлінген. Олар сату дәрежесіне және лицензиялык келісімшарт құру дәрежесіне шыға алады. Жобаларды талдаудың басты талабы: қосымша қаржыландыру, тапсырыс берушінің болуы және ғылыми маңыздылығы болып табылады.   Ғылыми салада адам ресурсын дамыту мен күшейту мақсатында гранттык бағдарлама құрылып, шетелде оқитын  PhD докторлары мен PhD студенттерыне арнайы гранттар ұсынылады.  

Екінші компонент -бул әлеуметтік және өндірістік секторларларда инновациялык консорциумдары. Косорциумды құру мақсаты - қазақстандық ғылыми инфраструктурамен бизнестің қарым-қатынасын арттырып, әлеуметтік саланы дамыту арқылы халықтың жағдайын жақсарту. Қазіргі кезеңде гранттык багдарламаларды құрастырушы менеджерлер іріктеуден өтуде және осы компоненттын дизайны даярлануда.
 
Үшінші компонент технологияларды  коммерциаландыруды біріктіруге жауап береді. Жоғары қауіпті технологиялық жобаларды қаржыландыру мақсатында ерте кезеңдегі қаржыландыру венчурлы қоры курылады.

Инвесторлады іздеу мен технологияларды алушыларға инвестициялық келісімшарт жасайтын жане интеллектуалды меншікті бағалайтын технологиялық брокерлар тартылады. Жоғары оқу орындарында технологиялар трансфертын жылдамдататын көмек көрсетіледі. 

Ұлттық инновациялык жүйені арттыру мақсатында инновациялык абсерватория құрылады.  Обсерватория ҰИЖ мүшелерінің жұмысын зерттейін тиімді механизм болып табылады. Тұрақты түрде Қазақстанның инновациялык саясатын жане дүниежүзі брендтерын  қадағалап отырады. Сонымен қатар жүйе жумысын реттейді. Жоба туралы толық ақпаратты ресми сайттан оқыңыздар.

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено