ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

«Дербес медицина және ғаламдық денсаулық» III халықаралық конференция

15 қыркүйек

Өмір туралы ғылымдар орталығы, National Laboratory Astana Сізді «Дербес медицина және ғаламдық денсаулық» атты III Халықаралық ғылыми конференция жұмысына қатысуға шақырады. Конференция 2017 жылдың 15 қыркүйек күні Астана қаласында өтеді.

Тақырыбы: «Инновациялық технологиялар кезеңінде Қазақстанда дербес медицинаның даму жолы»

Конференцияға әлемнің жетекші университеттерінің танымал ғалымдары, Қазақстан Республикасының ғылыми-зерттеу орталықтарының және мемлекеттік мекемелердің басшылары, мемлекеттік және коммерциялық білім беру мен денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері қатысады.

КОНФЕРЕНЦИЯ МАҚСАТТАРЫ:

Біз «Дербес медицина және ғаламдық денсаулық» атты ІІI Халықаралық ғылыми конференциясын өткізу мақсаты ретінде көптеген отандық және шетел ғылыми-зерттеу топтары арасында сұхбат пен интеграциялау алаңың құру және геномдық және дербес медицина мен ғаламдық денсаулық салаларындағы заманауи инновациялық жетістіктерді талқылауды көздеп отырмыз. Аталмыш конференция биомедицина мен ғаламдық денсаулық салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту, мультиомдық технологиялар, биоинформатика мен жүйелік биология жетістіктерін практикалық медицинада қолданысын кеңейтуге шақырады.

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ЖҰМЫС БАҒЫТТАРЫ:

  1. Мультиомдық зерттеу технологиялары және олардың қолданылуы
  2. Биоинформатика және жүйелік биология
  3. Дербес медицина саласының жетістіктері мен болашағы
  4. Фенотиптеу
  5. Медициналық генетика
  6. Геномика
  7. Мәліметтер анализі
  8. Микробиом және предиктивті медицина
  9. Фармакогеномика
  10. Биобанк
  11. Клеткалық технологиялар
  12. Эпидемиология
  13. Денсаулық детерминанттары

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ РЕСМИ ТІЛДЕРІ:  Ағылшын

ҚАТЫСУ ФОРМАЛАРЫ: Баяндама*, постерлік сессия, тезисті жариялау, тыңдаушы.

*Пленарлық және сессия баяндамаларын Ұйымдастыру көмитеті белгілейді.

БАЯНДАМА ЖАСАУ ҰЗАҚТЫҒЫ: Негізгі баяндама – 30 минут, баяндама – 10 минут.

Конференцияның бағдарламасы және жұмыс кестесі конференцияның ресми сайтында орналасқан.

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ РЕСМИ САЙТЫ: nla.nu.edu.kz/en/cls/conferences/international-conference-on-personalized-medicine-and-global-health-3 

ӨТКІЗІЛУ ОРНЫ: Астана қ., Қабанбай батыр даңғ., 53, Назарбаев Университеті (өткізілу орны туралы кешірек хабарланады)

МАҢЫЗДЫ КҮНДЕР:

  • Конференция қатысушыларын онлайн тіркеу :

           Тіркеу басталуы: 15 маусым 2017 жыл.

           Тіркеу аяқталуы: 25 тамыз 2017 жыл.

  • Өтінім, тезис, баяндама қабылдау: 2017 жылдың 25 тамызына дейін.
  • 25 тамыздан кейін түскен материалдарды Ұйымдастырушы комитеті қарастырмайды.

АВТОРЛАР НАЗАРЫНА:

Тезистерді және конференцияға қатысу өтінімдерді конференция бағытын белгілеп келесі электронды поштаға жолдаңыз: pm@nu.edu.kz 

Тезистер тек ағылшын тілінде қабылданылады.

Тезистер авторлар редакциясында, қосымша түзетулерсіз жарияланады. Авторлар тезистердің мазмұнына толық жауап береді.

Ұйымдастырушы комитеті төмен сапалы тезистерді және редакциясы төмен тезистерді бағдарламаға және конференцияның тезис жинағына енгізбеу құқығын өзінде қалдырады.

Қабылданған материалдар қайтарылмайды.

ТЕЗИСКЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Негізгі мәтін

Тезис Word (.doc немесе .docx) форматында жіберілуі тиіс. Интервал – дара, әріптер гарнитурасы – Times New Roman, кәріптер көлемі – 12. Мәтін көлемі 350 сөзден аспау қажет. Тезисіңізде әр автор жайында мағлұмат қамтитын (автордың толық аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы; ғылыми дәрежесі, атағы; қызметтік телефон нөмірі мен электронды поштасы; қатысу формасы мен баяндама немесе постер атауы) алғашқы парақ болу керек. Бас автордың тегі жұлдызшамен белгіленуі қажет (*).

Тезис келесі бөлімдерге бөлінуі керек: кіріспе, әдістер, нәтижелер мен қорытынды.

Тезис ағылшын тілінде тапсырылуы тиіс.

Тезистің мәтінінде ешқандай суреттер, кестелер мен әдебиет тізімі болмау керек.

Баяндама тезистері электронды түрде Ұйымдастыру комитетінің электронды поштасына жіберілуі тиіс.

Тезисті электронды пошта арқылы жіберер алдында файлдың аты ретінде бірінші автордың аты-жөнін (латын әріптермен) және конференция бағытын қолдануларыңызды сұраймыз (мысалы, Almaz_Akhmetov_Medical Genetics, Almaz_Akhmetov_Application form).

Тезисті дайындау мысалы қосымшада көрсетілген.

Қысқартулар

Қысқартулар мәтінде алғашқы қолданылғаннан кейін жақшаның ішінде берілуі керек (мысалы: The Central Asian Journal of Global Health (CAJGH)). Қалыпты өлшем бірліктеріді түсіндіру керек емес.

ПОСТЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Постер көлемі: макс. ені 1 м, макс. биіктігі 1,5 м

Форматы: портреттік

ФИНАЛДЫҚ БАҒДАРЛАМАДА ПОСТЕРДІҢ қорытынды НОМЕРЛЕРІ көрсетіледі.

СЕКРЕТАРИАТ: 

Жас ғалымдар кеңесінің мүшелері:

Максат Жабагин: тел: +7 (7172) 70 92 89, email: maxat.zhabagin@nu.edu.kz

Айнур Ахметова: тел: +7 (7172) 70 93 18, email: ainur.akhmetova2@nu.edu.kz

Мадина Хамзина: тел: + 7 (7172) 70 49 82, e-mail: madina.khamzina@nu.edu.kz       

Конференцияға қатысу өтінімін жүктеу

Тезисті дайындау мысалын жүктеу

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено