ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

ҚР БҒМ ҒК қарасты ҒЗИ мен әл-Фараби атындағы ҚҰУ арасындағы бірлескен білім беру бағдарламалары негізінде түлектерге диплом тапсыру рәсімі

12 шілде

2017 жылдың  12 шілдесінде "Ғылым ордасы" РМК базасында Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі мен  ғылым Комитетіне қарасты ғылыми-зерттеу институттары мен әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті арасындағы бірлескен білім беру бағдарламалары негізінде  магистранттар мен доктаранттарға  салтанатты түрде диплом тапсыру рәсімі өтеді.

2014 жылдың 23 маусымында Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі мен  ғылым Комитетіне қарасты ғылыми-зерттеу институттары мен  әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті арасында "Ғылым ордасы" РМК базасында магистратура және PhD докторантура негізінде эксперименттік білім беру бағдарламалары туралы бірлескен Бас келісімге қол қойылды. 2014 жылдың 8 қыркүйегі күні ғылым және білімді  интеграциялау  негізіндегі жоба жасалған болатын.

Докторанттарды дайындау 19 мамандық бойынша жүзеге асырылуда, соның ішінде 10 мамандық  ҚР БҒМ ҒК ҒЗИ тиесілі, ал магистранттар 12 мамандық бойынша іске асырылуда, соның ішінде 7 мамандық ҚР БҒМ ҒК ҒЗИ. Биылғы жылы алғашқы рет докторанттар бітіріп, диплом алады, яғни, алғашқы түлектер, ал  магистратураны бітірушілер үшін биыл екінші жыл түлек ұшыруда.

Іс-шараның ұйымдастырушылар: "Ғылым ордасы"РМК ғылыми кадрларды даярлау Орталығы.

Салтанатты шараға білім және ғылым министрлігінің министрлігінің өкілдері, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академиктері, ғылыми-зерттеу институттардың директорлоры және қызметкерлері,  жетекші ғалымдар, сондай-ақ PhD докторанттар мен магистранттар, студенттер, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұстаздары мен бұқаралақ ақпарат саласының мамандары қатысады.

2017 жыл 12 шілде

Алматы қ., Құрманғазы к-сі, 29.

"Ғылым ордасы" Концерт залы (2-қабат).

Салтанатты іс-шараның басталу уақыты – 15:00.

Телефондар: 261-00-30,  300-32-55

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено