ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

«Қоғамдық сананы жаңғыртудың келешегі мен механизмдері» атты Дөңгелек үстелі

19 шілде

2017 жылдың 19 шілдесінде сағат 10.00-де ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институтында «Қоғамдық сананы жаңғыртудың келешегі мен механизмдері» атты Дөңгелек үстел өтеді. Дөңгелек үстел басында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қойылған қоғамдық сананы жаңғыртудың алдағы келешегі мен маңызды механизмдерін талқылау жоспарланып отыр.

Дөңгелек үстелде негізгі баяндамаларымен  Философия, саясаттану және дінтану институты директорының ғылыми жұмыс бойынша орынбасары, философия ғылымдарының докторы, профессор С.Е. Нұрмұратов, ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы, профессор Е.Е. Бурова, ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының жетекші ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Д.Д. Ешпанова сөз сөйлейді. Дөңгелек үстел модераторы – ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының саясаттану бөлімінің меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы М.С.  Шайкемелев.

Шақырылғандар арасында – «Ғылым ордасы» гуманитарлық институттарының магистранттары мен докторанттары, ғылыми қызметкерлері, Алматы қ-сы ҚХА Ғылыми-сарапшылар тобының мүшелері, қоғам өкілдері, журналистер бар.

Өткізу орны: Алматы қ-сы, Құрманғазы к-сі, 29 (Қонаев көшесінің қиылысы), ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, конференц-зал (3-ші этаж).

Тіркеу: 9:30-10:00. Басталуы: 10:00. 

Анықтама телефоны: 272-59-10; 261-02-83, факс: 8 (727) 272-59-10. Электронды почта: iph@iph.kz.

Барлық ұйымдастыру сұрақтары бойынша ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының саясаттану бөлімінің меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы М.С.Шайкемелевке хабарласуға болады. Тел.  8 (727) 272-59-10, (ішкі 52-67)

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено