ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

«Қазақстанның машина жасау саласын шикізатпен қамтамасыз ету» тақырыбында дөңгелек үстел

14 шілде

2017 жылы 14 шілдеде сағат 9:00-де Алматы қаласында (Жандосов көшесі, 67, «ҚР МШКҰ ҰО» РМК Қазмеханобр конференц-залы, В корпусы, 3 қабат) Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан машина жасаушыларының Одағы, Қазақстан Республикасының минералды шикізатты кешенді ұқсату жөніндегі Ұлттық орталығы «Қазақстанның машина жасау саласын шикізатпен қамтамасыз ету» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

Дөңгелек үстел  Мемлекет басшысы  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында көрсетілген Қазақстанның үшінші жаңғыруын жүзеге асыруды  қамтамасыз етуге бағытталған: машина жасау саласы мен  аралас салалардың проблемалары және оларды келешекте дамыту туралы,  инновациялық технологияларды  коммерцияландырудағы  бизнес пен ғылымның консолидациясын күшейту жөнінде, Қазақстанның машина жасау саласын мемлекеттік қолдау іс-шаралары туралы.  

Дөңгелек үстел барысында 2017 жылғы Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықты алуға ұсынылған және алдын ала таңдаудан өткен ««Болат өндірісінің  бәсеке қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ететін, төмен сапалы (фосфоры жоғары қоңыртемірлі) және техногенді шикізаттарды өңдеуге тарту бойынша әлемдік деңгейдегі технологияларды жасау және оларды коммерцияландыру» жұмысы талқыланатын болады,  жетекшісі - Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаты, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының Президенті, экономика ғылымдарының докторы  Н.Ә.Әбіқаев.
Дөңгелек үстел бағдарламасын жүктеп алу.

Аккредитация сұрақтары бойынша мына телефонға хабарласыңыз: 8727 2590073, 87775879192, е-mail: s_yefremova@cmrp.kz, secretar_rgp@mail.ru. Байланыстағы тұлға – Ефремова Светлана Владимировна.

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено