ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

2018-2020 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға конкурс өткізу туралы хабарландыру

15 тамыз 2017 39303

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі  - ҚР БҒМ)  ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі  - ҚР БҒМ)  ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша («Мәңгілік ел» ғылыми негіздері (XXI ғасырдың білімі, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер; Энергетика және машина жасау; Табиғи, оның ішінде су ресурстарын тиімді пайдалану, геология, қайта өңдеу, жаңа материалдар мен технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен құрылымдар; Өмір және деңсаулық туралы ғылымдар; Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар, жаратылыстану ғылымдар саласындағы ғылыми зерттеулер; Агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуы және ауылшаруашылық өнімнің қауіпсіздігі; Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс (құпиялылық белгісінсіз)) және Конкурстық құжаттамаға сәйкес мамандандырылған ғылыми бағыттар бойынша 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар (іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер) бойынша гранттық қаржыландыруға конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.

Конкурстық құжаттаманы осы жерден жүктеңіз. Конкурстық құжаттама жөнінде түсіндіру жұмысын жүзеге асыру және өтінімдерді дайындау бойынша консультация беру жөнінде жауапты тұлға – бас сарапшы Абдикадирова А.А., телефондар 8 (7172) 74-19-04, 74-19-18, 74-20-29.

Сұрақтарды жазбаша түрде kom_nauki@el.kz поштасына жіберу арқылы қоя аласыздар.

Қаржылық сұрақтар бойынша  8 (7172) 74-24-58 телефонына хабарласа аласыздар.

Өтінімдерді тіркеу және ЖТН (жеке тіркеу нөмірі) алу үшін «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу бойынша Call center: 8-727-355-50-01 (ішкі номер 217, 218, 219, 221, 224, 226, 227, 233, 231, 236). Жұмыс уақыты:  дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

Конкурстық өтінімдер қолма-қол немесе алу туралы хабарландырумен курьерлік почта арқылы келесі мекенжай бойынша ұсынылады: 010000, Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 үй, 11 кіреберіс, 1039 кабинет, ҚР БҒМ Ғылым комитеті. Телефон 8-7172-74-24-59. Жұмыс уақыты: дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін. Түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – конкурсты өткізу туралы соңғы хабарландыру жарияланған күнінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кеш емес.

Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено