ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

2018-2020 жылдарға арналған Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хабарландыру 

01 қыркүйек 2017 40962

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі  - ҚР БҒМ)  2017 жылғы 16 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға конкурс бойынша 2018-2020 жылдарға арналған Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы хабарлайды.

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Конкурстық құжаттама ҚР БҒМ сайтында: www.edu.gov.kz және осы жерде орналастырылған. Конкурстық құжаттама жөнінде түсіндіру жұмысын жүзеге асыру және өтінімдерді дайындау бойынша консультация беру жөнінде жауапты тұлға – бас сарапшы Абдикадирова А.А., телефондар 8 (7172) 74-19-04, 74-20-29, қаржы мәселелері бойынша – 74-16-53.

Сұрақтарды жазбаша түрде kom_nauki@el.kz поштасына жіберу арқылы қоя аласыздар.

Өтінімдерді тіркеу және ЖТН (жеке тіркеу нөмірі) алу үшін «ҰМҒТСО» АҚ (is.ncste.kz) ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу бойынша Call center: 8-727-355-50-01 (ішкі номер 217, 218, 219, 221, 224, 226, 227, 233, 231, 236). Жұмыс уақыты:  дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

Конкурстық өтінімдер қолма-қол немесе алу туралы хабарландырумен курьерлік почта арқылы келесі мекенжай бойынша ұсынылады: 010000, Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 үй, 11 кіреберіс, 1039 кабинет, ҚР БҒМ Ғылым комитеті. Телефон 8-7172-74-24-59. Жұмыс уақыты: дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін. Түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – Конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы соңғы хабарландыру жарияланған күнінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кеш емес.

Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар:

Сұрақ: Берілетін сұранымдар көлемі бойынша

Жауап: 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурстық құжаттамаға сәйкес: 

Жеке тұлға (зерттеу тобы мүшелерінің ішінен), оның ішінде ұйымның басшылары,  осы жобаның іске асырылу кезеңі мен осы конкурстың шеңберінде екіден аспайтын жобаның ғылыми жетекшісі болуға немесе бірден аспайтын жобаның ғылыми жетекшісі және бірден аспайтын жобаның орындаушысы болуға құқылы;

Ғылыми жетекшісі болып табылмайтын жеке тұлға (зерттеу тобы мүшелерінің ішінен) 2 (екіден) аспайтын жобаға орындаушы болуға құқылы.

Сәйкесінше, жеке тұлға (зерттеу тобы мүшелерінің ішінен), оның ішінде ұйымның басшылары,  осы жобаның іске асырылу кезеңі мен осы конкурстың шеңберінде екіден аспайтын жобаның ғылыми жетекшісі болуға немесе бірден аспайтын жобаның ғылыми жетекшісі және бірден аспайтын жобаның орындаушысы ретінде өтінім беруге құқылы.

Ғылыми жетекшісі болып табылмайтын жеке тұлға (зерттеу тобы мүшелерінің ішінен) екіден аспайтын жобаға орындаушы ретінде өтінім беруге құқылы.

Сұрақ: Жеке тіркеу нөмірін (ЖТН) алу бойынша 

Жауап: Жеке тіркеу нөмірін алу үшін (ары қарай ЖТН)зерттеу тобының ғылыми жетекшісі және топтың барлық мүшелері «МҒТСҰО» АҚ ақпараттық жүйесінде (is.ncste.kz) (ары қарай – АЖ) тіркелулері тиіс. АЖ-ге тек жобаның ғылыми жетекшісі ғана өтінім бере алады.

Ол үшін АЖ-де барлық қажетті жолақтарды толтырып, сонымен қатар келесі құжаттардың электрондық нұсқасын қосу қажет:

1) Мемлекеттік және орыс тілдерінде ілеспе хат;

2) Мемлекеттік және орыс ілдерінде жоба бойынша берілетін ақпараттың нақтылығы туралы өтініш; 

3) Үш тілде жобаның шағын сипаттамасы;

4) Байқауға қатысуға үш тілде өтініш; 

5) Өтініш берушінің аккредитация туралы кәулігінің сканирленген көшірмесі;

6) Әдеп мәселелері бойынша орталық немесе локальді комиссияның (адамдар мен жануарларға биомедициналық зерттеу үшін) жағымды қортындысы болуы;            

7) Ортақ қаржыландыру туралы мәлімет (болған жағдайда)

Сонымен қатар барлық зерттеу тобының мүшелері АЖ-ға қатысуын нақтылау қажет. 

Ары қарай «Өтініш беру» тетігін басу керек. Одан кейінАЖ автоматты түрде өтініштің ЖТН береді.

ЖТН алған соң АЖ-де тіркелген барлық құжаттарды шығару қажет. 

Ары қарай (қолмен жавзбаша немесе баспа түрінде) тек өтініштің қағаз түріндегі бірінші бетінде ЖТН қойылады. АЖ-де бекітілген файлдарда (өтініш, ілеспе хат) ЖТН қойылмайды. 

Жүйемен жұмыс жүргізу ережесін ИС-та (is.ncste.kz) немесе «МҒТСҰО» АҚ (www. ncste.kz) сайтынан жүктеп алуға болады.  

Сұрақ: Scopus и Web of Science мәліметтер базасына қандай журналар кіреді? 

Жауап: Журналдар жайлы толық ақпаратты http://www.scimagojr.com/, http://ip-science.thomsonreuters.com/mjl/  мына сілтемеден таба аласыздар ​

Сұрақ: Қазақстан Республикасының резиденті кім?

​Жауап: Бұл сұрақ бойынша «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексінің «Резиденттер» деген 189-бабын басшылыққа алу керек. 

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено