ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

Консультантты іріктеп алу конкурсының ұзартылуы туралы

31 қаңтар 2017 1105

Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасының 4-бөлік «Ұлттық Инновациялық Жүйені үйлестіруді күшейту; Бұрыннан бар институционалдық құрылымдардың әлеуетін ұлғайту» шеңберінде Инновациялық обсерваторияны құру тұжырымдамасын әзірлеу бойынша консультантты іріктеп алу конкурсының ұзартылатынын хабарлайды.  

Конкурсқа Ұлттық Инновациялық Жүйені үйлестірумен байланысты мемлекеттік және тәуелсіз талдау орталықтарын құру және қалыптастыру бойынша сарапшылар қатыса алады.

Іріктеуге өтініштер «Consultant’s profile» нысаны бойынша қабылданады.

Өтініштер 2017 жылдың 15 ақпанына дейін (Астана уақытымен сағат 18:00) ағылшын тілінде электронды нысанда info@fpip.kz электронды пошта арқылы қабылданады.

Ғылым комитетінің http://sc.edu.gov.kz/kz немесе Жобаның www.fpip.kz сайттарынан біліктілік бойынша талаптарымен (техникалық тапсырма) танысып, Консультанттың анкетасын (Consultant’s profile) жүктей аласыз.

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено