ВЕТА: Сайт енді ғана іске қосылды. Қазіргі кезде оны жетілдірудеміз. Егер қате тапсаңыз, bugs@sc.edu.gov.kz мекен-жайына жазыңыз

Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін

қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 маусымда № 11820 тіркелді.

       "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

       1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Білім туралы құжаттарға (түпнұсқалар) апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

       2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Білім беру туралы құжаттарды тану және нострификациялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

       3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

       4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 27.01.2016 № 87 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С. Нюсупов) белгіленген заңнамалық тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықтың ресми жариялануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

       4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Т.О.Балықбаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Шағымдар мен ұсыныстар

Жалоба

Ваше обращение успешно отправлено